Нью-Йорк дәстүрлі марафон өткізуге дайындалып жатыр

Нью-Йорк шаһары дәстүрлі марафон өткізуге дайындалып жатыр.

Ауқымды шара жыл сайын қарашаның алғашқы жексенбісінде ұйымдастырылады. Әдетте оған дүниежүзінің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби және әуесқой жүгіруші қатысады. Биыл сайысқа 50 мыңға жуық спортшы келеді деген болжам бар. Ал марафон жолдары шаһардың 5 ауданынан өтеді. Әлемдегі ең танымал спорттық шараны көру үшін әдетте жол бойына 2-3 миллиондай адам жиналады.

Иданис Родригес, Нью-Йорк көлік департаментінің комиссары:

- Биыл марафонға әдеттегідей дүниежүзінің көптеген елінен алдына зор мақсат қойған мыңдаған спортшы келіп қатысады. Шара өте қызықты әрі тартысты болатынына сенімдімін. Дүбірлі додада кімнің бағы жанатынын уақыт көрсете жатар. Сайыс шаһарымыздың пандемиядан қалай оңалғандығының бір көрінісі саналады.

Сондай-ақ...