ДДСҰ: балаларды вакциналау маңызды

ЮНИСЕФ пен ДДСҰ балаларды міндетті вакциналаудың маңыздылығы туралы ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі әлем елдерінде, әсіресе Еуропада COVID-19 және маусымдық тұмау көбейіп келе жатқандықтан тұрғындар сақ болуы керек. Сондай-ақ балалар вакцина қажет ететін басқа аурулардан қорғанған жөн. Соңғы жылдары, әсіресе пандемия кезінде жеткіншектер қажетті екпелерді алмаған. Жыл сайын 25 млн-ға жуық бала түрлі індеттерге қарсы егілмеген делінген мәлімдемеде. Олардың қатарында, қызылша және полиомиелит сияқты аурулар да бар. Мәселен, 2022 жылдың алғашқы екі айында әлемде қызылшадан ауырғандар саны былтырмен салыстырғанда 79 пайызға өсті. Мұның себебін мамандар пандемиямен және жаһандағы қарулы қақтығыстармен байланыстырады.