Түркия талабы орындала ма?

Швеция мен Финляндия НАТО-ға мүше болу үшін қажетті талаптардың барлығын толық орындаған жоқ. Сондықтан қос ел бұл бағытта нақты қадамдар жасауы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Альянс бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Стокгольм мен Хельсинки биыл маусым айында Украинадағы ахуалға байланысты НАТО-ға мүше болу туралы меморандумға қол қойған. Бірақ Түркия оларға бірқатар талап қойып отыр. 

Мевлют Чавушоглу, Түркия сыртқы істер министрі:

– Біз Швецияның бұған дейінгі үкіметі сайлау қарсаңында бұл мәселеге қатысты маңызды қадамдар жасамайтынын білгенбіз. Бірақ тізгінді енді ғана қолына алған билік оны шешуге дайын екенін айтып отыр. Швецияның жаңа Премьер-министрі біздің президенттің шақыруымен келесі аптада Анкараға сапармен келеді.