Мадридте тұрғындар қымбатшылыққа қарсы ереуілге шықты – Испания

Мадридте тұрғындар қымбатшылыққа қарсы ереуілге шықты – Испания

Наразылық акциясын жергілікті кәсіподақ ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пласа-МАйор алаңына шыққан жұрт «жалақы немесе жанжал» деп ұрандатты. Халық биліктен ең төменгі жалақы мөлшерін 1 мың еуродан кем қылмауды талап етті. Осылайша инфляцияның салдарынан қымбаттаған азық-түлік пен қызмет түріне кететін шығынның орнын толтырмақ.

Томас Перес, жергілікті тұрғын:

– Тұтынушылық баға 10 процентке артқанда, жалақы 1 процентке ғана көтерілді. Салдарынан қызметкерлердің сатып алу қабілеті күрт төмендеді. Жағдайымыз күннен-күнге қиындап барады. Ал бай адамдар одан сайын байып жатыр.