loader


Еуропада ыстықтан 15 мың адам көз жұмды

Биыл Еуропада 15 мың тұрғын аптап ыстықтан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Испания мен Германияда өлім-жітім көп болған. Қаралы мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады. Сарапшылар биылғы жаздың адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл болғанын айтады. «Кәрі құрлықты» құрғақшылық қысып, орман жиі өртенген. Әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда температура 2 есе көтерілген. Мамандар аптап ыстықтың алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдамаса кісі өлімі мен түрлі ауру көбейетінін ескертеді.

Сондай-ақ...