COVID-19 әлемді қайтадан алаңдатып тұр

COVID-19 вирусы әлемді тағы алаңдатып отыр.

Дәл қазір дертті болғандардың саны 632 млннан асты. Қытайда зауыттар жабылып, адамдар птр тест тапсыратын болды.

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта өсіп келеді. Індет ілмегіне 633 млн-ға жуық адам ілінген. Бұл америкалық Джонс Хопкинс зерттеу университетінің келтірген соңғы дерегі. Мәліметтерге сәйкес, Covid-19 вирусы тарағалы әлем бойынша инфекциядан 6 млн 600 мың адам көз жұмған. Ауру құрбандары әсіресе АҚШ-та көп. Мұнда вирус басталғалы 1 млн 72 мыңдай адам опат болған. Дертке шалдыққандар саны 30 млннан асатын елдер қатарында Америка, Үндістан, Франция, Бразилия және Германия бар.

Бейжіңде ПТР-тестін тапсыру жиіледі

Қытайда коронавирустың қайта өршуіне байланысты птр-тест тапсыру жиіледі. 

Бейжіңде  карантиндік шектеулер күшейіп, індетті анықтау үшін тест өтуге ұзынсонар кезек пайда болды. Бейжің билігінің деректеріне қарасақ, шаһарда жаңа 64 жағдай тіркелді. Мұндай көрсеткішпен тұтас бір ауданды локдаунға жабуға болады. Дегенмен, өткен аптада елде “нөлдік ковид” саясаты жеңілдейді деген қауесет шыққан еді. Осыған орай, соңғы екі жылда алғаш рет қытайлық акциялар өскен еді. Алайда, Қытай билігі шектеу шаралары жеңілдейді деген ақпаратты жоққа шығарды. Қытайдың Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, елде жаңадан ауруға шалдыққандар саны шамамен 7 жарым мыңға өскен. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді мамандар.

COVID-19: зауыттардың жұмысы уақытша тоқтады

Apple Foxconn зауытында ковид шектеулеріне байланысты iPhone ұялы  телефондарын жеткізу кейінге қалды. Мұндай шешімге Тайвандық мекеме Чжэнчжоу зауытында короновирусқа байланысты апталық локдауын енгізілгеннен кейін келген.  Apple өкілдері iPhone-ның жаңа модельдері кей  мемлекеттердегі дүкен сөрелеріне кеш түсетінін  растады. Қытай билігінің коронавируспен күресу шаралары аясында көптеген кәсіпкерлердің жұмысы уақытша тоқтаған.

Шектеу шаралары жеңілдеді

Біріккен Араб Әмірліктері болса коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастады. Бұл туралы  Bloomberg хабарлайды. Дүйсенбіден бастап бетперде кию көптеген қоғамдық орындарда, соның ішінде ғибадатханаларда міндетті емес. Шектеулер әлі медициналық мекемелер сақталады. Сондай-ақ, БАӘ тұрғындарына қоғамдық орындарға бару үшін бұрынғыдай "жасыл билетті" көрсетудің қажеті жоқ. Айта кетейік, соңғы бірнеше айда БАӘ-де күніне орта есеппен 300-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған. Пандемия басталғалы Әмірліктерде коронавирусты жұқтырғандар саны бас-аяғы 1 миллионға жетіп, инфекциядан көз жұмғандар саны 2,3 мыңға жуықтаған.

Сондай-ақ...