Непалда 6 адам жер сілкінісінен қаза тапты

Непалда жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 6 адам зілзала құрбаны болды. Тағы 5 тұрғын түрлі жарақат алған. Табиғат апаты Доти қаласында бірнеше ғимараттың тас талқанын шығарған. Жерасты дүмпулердің қуаты 6,6 баллды құрады.

Зілзала 350 шақырым қашықтықта орналасқан Үндістанның Нью-Дели қаласында да сезілген. Қазір апатты аймақтарда құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Мамандар: "Зардап шеккендер мен мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін", – дейді.

Сондай-ақ...