Еуропа энергия тапшылығына қарамастан Рождество шамдарын жақты

Еуропада энергетикалық дағдарысқа қарамастан, көше бойы мен ірі сауда орындары Рождество шамдарымен безендіріле бастады.

Алайда жарықты мейлінше үнемдеудің түрлі тәсілдері ескерілген. Бұл әсіресе Мадрид пен Франкфуртте анық аңғарылады. Мәселен, аллеяларды жарықтандыру үшін энергия үнемдейтін шамдар қолданылған. Ал сауда орталықтары жылудың мөлшерін айтарлықтай азайтқан. Бұған дейін Франция билігі энергия ресурстарын тиімді қолдану керек екенін айтып, бастама көтерген болатын. Британия да қуат көздерін әдеттегіден көп пайдаланбау идеясын қуаттады.