Техаста екі әскери ұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Техас штатындағы әуе шоуда екі әскери ұшақ соқтығысқан.

Оқыс оқиға “Далластың қанаттары” атты Екінші дүниежүзілік соғыс кезіне арналған қойылымда болған. Ондаған көрерменнің көз алдында Боинг жойғыш әскери ұшаққа соғылады. Бортта әзірге қанша адам болғаны белгісіз. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...