Түркиядағы жарылыста қаза тапқандардың саны 6-ға жетті

Ыстамбұлдағы жарылыста қаза тапқандардың саны 6-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 50-ден астам кісі жараланғандардың тізімінде. Бұл мәліметті ел президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады. Айта кеткен жөн, Ыстамбұлдың адамдардың ең көп шоғырланған Истиклал көшесінде жергілікті уақытпен сағат 16.20 шамасында жарылыс болды. Жергілікті ақпарат құралдарының айтуынша, жарылысты жанкешті жасаған. Жағдайға байланысты туристік көше мен айналасы уақытша қозғалысқа жабылды. Қоғамдық шаралар тоқтатылды. Оқиғаға қатысты тергеуді жүргізу үшін 5 прокурор тағайындалды. Оқиға орнында Қазақстан азаматтарымыздың бар- жоғы анықтау үшін Бас Консулдығымыз түрік билігімен тығыз байланыста. Азаматтарымыз үшін жағдайға байланысты қосылған Ыстамбұл Бас консілдығымыздың жедел жәрдем нөмірі

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Ыстамбұл губернаторынан келген мәлімдемеге сәйкес, оқиға орнында 4, ауруханаға жеткізілген 2 кісі қаза тапқан. Жарақат алғандардың саны 53. Зардап шеккендердің көмек көрсетілуде. Оқиғаға қатысы бар қылмыскерлердің дені заң алдында жауапқа тартылатынына ешкімнің күмәні болмасын.