Оңтүстік Кореяда қыспақта мерт болғандардың саны артты

Оңтүстік Кореяда Хэллоуин мерекесіндегі қыспақта мерт болғандардың саны 158-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 102-сі әйел, 56-сы ер адам. Қаза болғандардың 26-сы — шетел азаматы.

Сонымен қатар Итхэвон қаласында орын алған қайғылы оқиғадан 196 адам зардап шекті. Оның 10-ы әлі ауруханада ем қабылдап жатыр. Жергілікті билік оқиғаға қатысты тергеу ісін жалғастырып жатыр.