Қытайдың солтүстігі қар астында қалды

Қытайдың солтүстігін қар басып, боран борап, теміржол, көлік және әуе қатынасы бұзылды.

Әсіресе Хэйлунцзян провинциясында пойыздар тоқтап, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, кей өңірлерде жел күшейіп, ауа райы күрт суытып, бірден -15 градусқа дейін төмендеген. Сыпин қаласында осы демалыста бір тәулікте 56 мм қар түскен. Қазір темір жолдарды, көшелерді тазалауға ондаған бригада жұмылдырылып, 100-ге жуық техника тартылған. Мұндай аяз осы аптаның ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.