Еуропада қыс жылы болады

Біз сақылдаған сары аязды күтіп отырсақ, еуропалықтар қыс жылы болады деп қамығады.

Биыл Кәрі құрлық бұрынғыдан да жылиды. "Коперникус" климат қызметі осындай болжам айтты. Ғалымдардың пайымдауынша, Франция мен Германияла жауын-шашын әдеттегіден аз түседі. Ал Ұлыбритания, Орталық және Оңтүстік Еуропада қыс тіптен жылы болуы мүмкін. Енді газға деген сұраныс төмендейді. Өйткені Украинадағы шиеленіске байланысты қазір кәрі құрлықта энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Сол себепті өңірге газ тапшылығы қаупі төнген. Ал көгілдір отын өндірісі электр энергиясының бағасына тәуелді. Еуропаның көп елінде қазір электр энергиясы айтарлықтай қымбаттаған.

Сондай-ақ...