«Амазон» компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартады

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Негізінен қысқарту технологиялық саладағы қызметкерлерге қатысты болады. Оған әсіресе дауыспен басқарылатын гаджеттерді шығаратын бөлімнің жұмысшылары ілігеді. Соңғы жылдары компанияның шығыны 5 млрд доллардан асып кеткен. Бұған макроэкономикалық ахуал әсер етті. Себебі инфляцияның шарықтауы мен электр энергиясының қымбаттауынан тұтынушылардың сатып алу әлеуеті азайып, шығын артқан. Айта кетейік, «Амазон» компаниясында қазір 1,5 млн адам қызмет етеді.