Ұлыбританияда инфляция рекордтық деңгейге жетті

Мұндай  өсім елде соңғы 40 жылда болмаған.  Тұтынушылық баға кемінде 11 пайызға шарықтап кетті. Бұл Ұлттық статистика қызметінің келтірген соңғы мәліметтері. Қымбатшылықты тежеу үшін енді Қаржы министрлігі салықты өсіріп, шығындарды азайтуды көздеп отыр. Корольдіктің орталық банк өкілдері болса, экономиканың құлдырауына Брексит те үлес қосты дейді. Бұған қоса, электр энергиясының бағасының аспандап кетуі де себеп. Биыл басқа елдермен салыстырғанда Ұлыбританияда сауда-саттықтың даму қарқыны баяулаған.  