АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қызметінен кететінін жариялады

Өкілдер палатасында демократтарды басқарған 82 жастағы саясаткер жаңа мерзімге сайланбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл лауазымда Пелоси шамамен 20 жыл отырған. Кей сарапшылар оның бұл шешімін жуырда өткен сайлаудағы республикашылдардың жеңісімен байланыстырады. Десе де саясаткер Конгресстің төменгі палатасында Калифорния округінің мүддесін қорғау ісін жалғастыра береді. Нэнси Пелоси Конгресстегі ең беделді демократ, әрі, Өкілдер Палатасының спикері қызметін атқарған ең алғашқы әйел.

Нэнси Пелоси, АҚШ өкілдер палатасының спикері: 

- Мен Америка халқына қызмет ету бақытына ие болдым. Елдің 3 президентімен жұмыс істеу маған ұнады. Джордж Бушпен бірге елдің таза энергетикасының дамуына үлкен үлес қостық. Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаны Барак Обамамен бірге жасадық. Ал, Президент Джо Байденмен бірге инфрақұрылым, денсаулық сақтау саласы және климаттың өзгеруімен күрес жұмыстарын әрі қарай жетілдіріп жатырмыз.