Қырғызстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр

Тиісті заң жобасы жалпыға ортақ талқылауға шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі елдерде бұл өнімге қатыcты шектеулер енгізілген. Мәселен, Литва мен Латвияда ол кәмелетке толмағандарға сатылмайды. Ал 2010 жылы АҚШ-та алкогольді энергетикалық сусындар сатылымнан алынып тасталған. Францияда, Дания мен Норвегияда бұл өнімді тек дәріханада ғана алуға болады. Мамандар ол адамның денсаулығына кері әсер ететінін айтады. Өйткені құрамында қант көп.

Пайал Кохли, денсаулық сақтау саласындағы сарапшы:

- Энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияны жіті зерттелмеген. Олар адамның жүрегіне әсер етуі мүмкін. Мұндай проблема тіпті жас адамдардың өзінде байқалады.