Испанияда ежелгі алып тасбақаның қаңқасы табылды

Оның ұзындығы 4 метр, ал салмағы 1 тоннадан асады.

Мамандар бауырымен жорғалаушылардың қалдықтарын 80 млн жыл бұрынғы жер шөгінділерін зерттеу кезінде кездейсоқ анықтаған. Табылған қаңқалар арасында тасбақаның қабығы мен басқа да сүйектері бар. Бұған дейін мұндай үлкен тасбақалар тек Солтүстік Америкада кездесетін. Археологтар: «Бұл жаңа қазба 80 млн жыл бұрын өмір  сүрген жануарлар туралы мәліметтер жинауға мүмкіндік береді», – дейді.