Түркия Сирия мен Ирактың күрдтер тұратын жерлеріне әуеден соққы жасады

Түркия Сирия мен Ирактың күрдтер тұратын жерлеріне әуеден соққы жасады

Түркия Сирия мен Ирактың солтүстігінде күрдтер шоғырланған аудандарға  әуеден соққы жасағаннан кейін Сирия мен Германияның Гамбург қаласында өмір сүріп жатқан күрдтер ереуілге шықты.

Түркия әскері өткізген әуе операциясы кезінде қару-жарақ қоймасы секілді әр түрлі 89 нысанның көзі жойылды деді,- осы елдің қорғаныс минстрі. Одан бөлек Сирияда 30-дан астам адам қаза болған.  Арасында күрд жасақтары, Сирия әскерлері мен қарапайым тұрғындар бар. Тағы ондаған адам жарақат алды. Естеріңізде болса, Түркия билігі бұған дейін қарашаның 13-і күні Ыстамбұлдағы терактіге "Күрдістанның жұмыс партиясының" тікелей қатысы бар деп мәлімдеген еді.