Мәскеуде өрттен 7 адам қаза тапты

Мәскеуде гүл қоймасынан өрт шығып, 7 адам ажал құшты.

Тағы біреуі жараланған. Бұл елдегі Төтенше жағдайлар қызметінің келтірген деректері. Тілсіз жау екі жарым мың шаршы метр аумақты шарпыған. Апатқа өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, тауар қою ережелерінің бұзылуы және заңсыз қызмет көрсету себеп болған. Қазір лапылдаған оттың оқшауланғаны белгілі болды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.