Албанияда жауын соңы су тасқынына ұласты

Албанияның батысында төпелеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, 2 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Қазір оларды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттық жағдайдан өзендер арналарынан тасып, ел бойынша үш қала зардап шекті. Әсіресе Лежа қаласы шығынға батты. Мұнда 500 гектар шақырым аумақ су астында қалған. Тасқын кесірінен жолдар шайылып, көлікпен жүру мүмкін болмай қалды. Кей аудандарда жарық та сөніп қалды. Қазір билік қауіп төнген өңірлерден тұғындарды эвакуациялауға кіріспек. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншіптейді, алдағы күндері жауын-шашын күшейе түсуі мүмкін.