Индонезияда жер сілкінісінен 50 адам көз жұмды

Индонезияда жойқын жер сілкінісі болды. Соның салдарынан 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

700 кісі жарақат алды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, зілзала ошағы Чианджур қаласында орналасқан. АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметі бойынша жер сілкінісінің магнитудалық қуаты 5,4 баллға жеткен. Осыған байланысты кеңсе қызметкерлері шұғыл түрде эвакуацияланды.