Жаңа Зеландия тұрғындары 16 жастан бастап сайлауға қатысуы мүмкін

Жаңа Зеландия соты 18 жастан бастап дауыс беру құқығын «дискриминация» деп атады. Сол себепті енді бұл елдің тұрғындары 16 жастан бастап дауыс беру құқына ие болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрі Джасинда Ардерн «Мемлекет құқығы жөніндегі Биллді» еске алды. Бұл құжат бойынша еркіндік әр азаматқа 16 жастан бастап берілуі тиіс. Сол себепті де Жаңа Зеландия Жоғарғы соты 18 кәмелет жасын Биллға сәйкес емес деп тануда. Соттың шешімі қазір Парламент талқылауына енгізілді. Үкімет басшысы құжат енгеннен кейін келесі жылғы жалпы сайлауға 16 жастағы азаматтар қатысатын болады дейді.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия Премьер-министрі:

– Мен сайлау жасының төмендеуін жеке қолдаймын, бірақ бұл маған немесе Үкіметке ғана қатысты емес. Сайлау заңнамасындағы кез келген өзгеріс парламентшілердің 75 пайызының қолдауын қажет етеді. Сондықтан біз бұл мәселені әркім өз пікірін білдіруі үшін Парламенттің қарауына шығарған дұрыс деп санаймыз.