Дүбірлі дода бастала салысымен дау шықты

Дүйім жұрттың назары Қатардағы футболдан әлем чемпионатында.

Дүбірлі дода тұңғыш рет араб елінде өтіп жатыр. Әдетте үміт пен өкінішіке толы дода қалай басталды? Жексенбіден бері қандай қызықтар болды? Тілшіміз баяндасын.

Төрткүл дүние көз тіккен доп додасы мұсылман әлемінде тұңғыш рет өтіп жатыр. 1930 жылдан бері үнемі жаз мезгілінде ұйымдастырылатын жарыс алғаш рет қоңыр күзде басталды. Себебі Қатарда жазда күн 40-50 градусқа дейін ысиды.

Дүбірлі дода бастала салысымен дау шықты. Чемпионаттың шымылдығын ашқан Қатар мен Эквадор арасындағы матч өзара келісілген деген ақпарат тарады. Алайда бұл қауесет болып шықты. Ұтылу үшін пара алды деп сыналған Эквадор аяқдопшылары Қатар қақпасына 2 доп салды.

Осыдан кейін өткен Англия мен Иран арасындағы ойын да біраз сынға ұшырады. Бразилиялық Төреші Рафаэль Клаус ойынның негізгі уақытына 24 минут қосып басы дауға қалды. Бұл ойында ағылшындар ирандықтарды 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

БЛИЦ:

- Бәрі керемет. Әлем чемпионатын алғаш көріуім. Англия құрамасының жанкүйерімін.

- Біз еліміздің құрамасын қолдау үшін бар күшімізді салдық. Стадионда ойыншыларды рухтандырып отырдық. командамыз жеңіліп қалғанмен жақсы ойын көрсетті.

Ал бүгін көпшілік үміт күткен бірқатар құрама кездесіп жатыр. Олардың арасында Аргентина мен Франция бар. Бірақ аргентитиналықтар Сауд Арабиясына 2:1 есебімен ұтылып қалды.

1 айға созылатын дода әлемнің 32 құрамасы қатысатын соңғы әлем чемпионаты болмақ. Келесі жолы  әлемдік чемпионатқа  жер жаһанннан 48 команда қатысады. Қатардағы мундиуаль мұнысымен ғана ерекешеленбейді. Forbes мәліметінше бұл дода футбол тарихындағы ең қымбат әлем чемпионат болғалы тұр. Қатар оны өткізу үшін 229 миллиард доллар жұмсаған.

Дәурен Ақашұлы