Албанияда 3 қаланы су алып кетті

Албанияда 3 бірдей ірі шаһарды су алып кетті.

Аймақта тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.  Шкодер қаласында екі адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Тасқын жолдарды шайып, көліктер жүре алмай қалды. Кей аудандарда жарық жоқ. Төпелеп жауған жауын іргедегі Косовоны да әбігерге салды. Синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын бұдан да күшейеді деп отыр.