loader


Адамдардың айдағы болашағы қандай?

Біз қоғамдық көлікте жүру мәдениетін қалыптастыра алмай отырғанда. Адамдар шамамен 10-20 жылдан кейін айда өмір сүруі мүмкін. Дәл қазір NASA ұшырған «Орион» кемесінің космосқа сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жер серігін екі мәрте айналады. Отандық сарапшылар бұл бастамаға ғасыр жаңалығы деген баға берді. Олардың айтуынша, зерттеу сәтті аяқталса, күллі адамзаттың өмірі түбегейлі өзгереді. Сонда ғылым не нәрсеге дайын болуы керек? Айдың айналаға әсері қандай болады?

Араға 50 жыл салып амеракалықтар айға қайта оралды. Насаның әлемдегі ең қуатты SLS зымыраны қазір жер серігін айналып жатыр.

Оның салмағы 2,5 мың тоннаға жетсе, құрылысқа кеткен қаржы көлемі 23 млрд доллардан асқан. Ғарыш кемесінде ғарышкер жоқ, тек адам іспетті манекендер қойылған. Осы арқылы ғалымдар радициадан төнетін қауіпке талдау жасамақ. Яғни алдағы жылда адам ұшса, денсаулығын дімкәс қылмай ма деген сұраққа жауап алады. Зымырын айға шамамен 100 шақырымға дейін жақындайды.

Боб Кабана, NASA қызметкері:

- Әзірге бәрі ойдағыдай. Ешқандай қиындық жоқ. Біртіндеп ілгері жылжып келеміз. Мақсатымыз – 25,5 күнде 40 мың мильді бағындыру. Айдың жанынан өтіп, ғарыш әлеміне тереңірек енуді көздеп отырмыз. Осылайша, борттағы манекендер жайлы ақпарды талдап, радициалық ахуалды қарамақпыз. Ең бастысы – кеменің үйге оралуы. Яғни атмосфера қабатына кірерде жылудан қорғайтын экранның қалай жұмыс істейтінін анықтау.

Егер миссия жоспарға сай өтсе зымыран айға ғарышкерлермен бірге жіберіледі. Сөйтіп, зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Тіпті алдағы жылдары ғарышкерлер айдың бетіне қонуы мүмкін, олар жер серігінің оңтүстік полюсінде алты күн өткізеді деген болжам да бар. Ал өз кезегінде Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов айға сапарды ғасыр жаңалығы деп бағалап отыр. Оның айтуынша, зерттеудің сәтті аяқталуы, ғылымда төңкеріс жасап, көп салаға серпіліс әкеледі.

Айдын Айымбетов, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Айға тіршілік әкелуге мол мүмкіндік бар. Мұнда ғылыми-зерттеу станциясы салынады деп ойлаймын. Тиісінше, ол жерде ғалымдар ғана емес түрлі мамандық иелері жұмыс істеп, өмір сүреді. Кәдімгі тұрғын үй алабтары болуы мүмкін. Әрине, бұған жету үшін үлкен жұмыстар атқару керек. Бірақ, қазір ғылым жылдам дамып келеді. Бұл бізді деп айналып өтпейді.

Адамның айдағы болашағы алыс емес. Сарапшылардың қазіргі тұжырымы осындай. Алайда бұл уақыттың еншісіндегі мәселе. Ғарыш кемесі әдепкіде көздеген нүктеге 25 қарашада жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде ғарыш кемесі жер серігінің жанынан түсірілген су жаңа суреттер жіберіп жатыр.

Авторлары: Бекзат Аманов, Серік Қоңырбаев

Сондай-ақ...