Түркиядағы жер сілкінісі 5,9 балға жеткен

Түркияның батысында жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сүйенсек, зілзала магнитудасы 5,9 балға жеткен. 35 адамның жараланғаны белгілі болды. Соңғы деректерге қарасақ, дүмпу ошағы Дюздже қаласының оңтүстік-шығысына қарай 14 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулер Ыстамбұл қаласының маңында және көрші өңірде де байқалған. Зілзаладан кей аудандарда жарық сөнген. Қазір апат шығыны анықталып жатыр.

Сондай-ақ...