Иерусалимде жарылыс болды

Иерусалимде жойқын жарылыс болып, 7  адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға автобус станциясының жанында болған. Алдын ала болжамға қарағанда бұл теракт болуы мүмкін. Жараланғандардың екеуінің халі мүшкіл. Жергілікті ақпарат көздері, бәзбіреу жарылғыш заты бар сөмкені көшеге тастап кеткен дейді. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ...