Қытайда бір күнде 31 656 адам ковид жұқтырды

Бұл – ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұған дейінгі антирекорд 14 сәуірде тіркелген еді. Ол кезде 24 сағат ішінде коронавируспен 29411 қытай ауырған. Батыс зерттеушілері азиялық елдегі егде тұрғындардың көбі вакцина салдырмаған, бұл індеттің өршуінің басты себебінің бірі деп есептейді. Осының алдында Бейжің билігі дүкендер мен мектептерді жабу туралы нұсқау берген болатын.