Филадельфия қаласында атыстан 4 оқушы зардап шекті

АҚШ-тың Филадельфия қаласында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Осы жолы оқиғадан 4 мектеп оқушысы жарақат алған. Қазір зардап шеккен 15 жастағы екі қыз бен 16 жастағы екі ер бала дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандар жас өсіпірімдердің жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша оқушылар Овербрук мектебіне жақын орналасқан сән салонының жанынан өтіп бара жатқан. Қаруланған қаскөй көлігінде отырып оларға оқ жаудырып, ізін суытып үлгерген. Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды абай болуға шақырады.

Сондай-ақ...