Қытайда 31656 адам бір тәулікте ковид жұқтырды

Қытайда бір күнде 31 656 адам ковид жұқтырды.

Бұл пандемия басталғалы елде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейінгі антирекорд 14 сәуірде тіркелген еді. Ол кезде 24 сағат ішінде коронавирусты жұқтырған 29 411 адам анықталған. Көктемде Шанхай мен өзге де ірі қалаларда індет өршіп кеткен еді. Бұл жолы да Шанхайда, Гуандун провинциясы, Чунцин мен Бейжің қалаларында ковид дерті тез таралып жатыр. Бейжің билігі дүкендер мен мектептерді жабу туралы нұсқау берген болатын. Мұражайлар мен саябақтар да жабылды. Кеңселерде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 30 проценттен аспайды. Чаяон ауданында вирустың таралуына тосқауыл қою үшін бірқатар тұрғын үй оқшауға алынды. Ертеңнен бастап қалада 5 күнге локдаун жарияланады.