loader


Украинада мемлекеттік компаниялардың ықпалы артты

Украинада мемлекеттік компаниялардың ықпалы айтарлықтай артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ соғыс уақытында бірқатар ірі жекеменшік кәсіпорын мен маңызды нысандарды басқару Үкімет құзырына өтті. Жеке компанияларды мемлекет меншігіне беру - экономикаға кері әсерін тигізбей ме?

Қазір Украинада 3,5 мыңға жуық мемлекеттік кәсіпорын бар. Қарулы қақтығыс салдарынан олардың 2 мыңға жуығы жұмыс істемей, тұралап тұр. Соғыс уақытында қандай да бір инвестиция тарту мүмкін емес, сондықтан бірқатар ірі кәсіпорынды сақтап қалу үшін мемлекет өз үлесін арттыруда. Осылайша Украина үкіметі жеті жүз мыңнан астам адамды қызметпен қамтып отыр. Соғыс басталған үш жүз күнде мемлекет бірқатар ірі компаниялардың активтерін өз үлесіне аударды. Айталық,  ұшақ пен тікұшақтарға арналған газ турбиналы қозғалқыштарды өндіру, жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын елдегі ең ірі кәсіпорынның бірі  мемлекет меншігіне өтті.

Алексей Плотников, экономист:

- Мен мемлекеттің мұндай шешімін «Теріс» немесе «Оң», деп бағалай алмаймын, бұл мәжбүрлі шара деп есептеймін. Өйткені стратегиялық маңызды нысандар қауіпсіздік мақсатында мемлекеттің толық бақылауына алынғаны тек қажеттіліктен туындаған шешімдердің бірі.

«Мұндай үрдіс соғыстан кейін де жалғасуы мүмкін», - деп болжайды сарапшылар. Өйткені көптеген техникалық жарақтау саласындағы кәсіпорындар қару-жарақ өндіретін зауыттарға айналып жатыр. Қарулы қақтығыс аяқталғаннан кейін де Украина қорғаныс саласына қаражат құюды жалғастыра бермек. Өйткені заң бойынша қару-жарақ түрлерін тек мемлекеттік компания өндіруге құқылы.

Алексей Плотников, экономист:

- Мысалы Украинадағы кейбір зауыттар өнімін Ресейге сатып келген. Немесе Украинада бірқатар банк осы елге тиесілі. Заң бойынша мұндай байланысқа толық тиым салынды. Бұл үрдіс соғыстан кейін де жалғасады деп ойлаймын.

«Дей тұрғанмен, биліктің бұл әрекетін сынайтын сарашылар көп. Өйткені үкімет қарамағына өткеннен кейін көптеген кәсіпорынның бәсекелестігі төмендеуі мүмкін әрі жемқорлықтың да жайлап кетуі әбден ықтимал. Сондықтан қару-жарақ өндіретін зауыттардың жарты активін жеке компаниялардың құзырына беру керек дейді», – мамандар. Сонда заманауи құрал-жабдықтарды өндіру үшін жеке компанияның шет ел коминвестциясын тартуы әлде-қайда тиімді болмақ.

Сондай-ақ...