Үрімжі қаласында алапат өрттен 10 адам мерт болды

Қытайдың Үрімжі қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен он адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы. Оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Құтқарушылар тілсіз жаумен 2,5 сағат бойы арпалысты. Көк түтіннен уланып қалған 9 адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың өкпесі орташа зақымданғанын айтады. Қазір зардап шегушілердің өміріне еш қауіп жоқ. Қызыл жалын 15-қабаттан 17-қабатқа дейін жайылған. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.