loader


Гондурас президенті елде төтенше жағдай жариялады

Гондурас президенті Сиомара Кастро елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл мәжбүрлі шешім», – дейді Мемлекет басшысы. Елде қылмыстық топтар әбден жүгенсіз кеткен. Соңғы кездері бизнесмендерді, жүк көлігі, автобус, такси жүргізушілерін, қарапайым тұрғындар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін ашық бопсалау әрекеті күшейген. Енді полиция азаматтардың құқықтарын қорғау үшін кедергісіз кең мүмкіндікке ие. Қылмыстық топтар бопсалау арқылы жылына 737 млн доллар пайда табады екен. «Бұл жалпы ішкі өнімнің 3% », – дейді мамандар.

Сиомара Кастро, Гондурас Президенті:

- Қауіпсіздік үшін ұлттық төтенше жағдай жариялаймын. Осылайша, бопсалауға және содан туындайтын түрлі қылмысқа қарсы ымырасыз соғыс аштық. Демократиялық социализм үкіметі кешенді стратегия аясында әрекет етпек.

Сондай-ақ...