Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандардың саны 310-ға жетті.

Құтқарушылар жоғалған адамдардың денелерін тапқан сайын бұл сан өсіп жатыр. Бұған дейін табиғи апат 271 адамның өмірін қиды деп хабарланған болатынбыз. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде әлі 24 адам бар. Зілзала Батыс Ява провинциясының Чианджур қаласында болоды. Жер асты дүмпулері кезінде екі мыңнан астам ғимараттың тас-талқаны шыққан. 13 мың тұрғын эвакуацияланды.