Оңтүстік Корея сарапшылары Қазақстандағы реформаларды талқылады

Ел өміріндегі бетбұрыс кезеңі. Оңтүстік Корея сарапшылары Қазақстанда қолға алынған реформаларды осылай деп сипаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ким Ми Хян Хангёрэ газетінің тілшісі Парламент пен Үкіметке Президенттің кейбір өкілеттіктерінің берілуіне таң қалды. Жақында журналист Сеулге Астанадан оралды. Келген бойда біздегі президент сайлауы туралы сюжет дайындады. Журналист Ким Сан Ук та өз пікірімен бөлісті. Корея азаматы 27 жылдан бері Алматыда жұмыс істейді. Йонхап ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Қазақстанда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күрес және қағазбастылықтан арылу бағытында елеулі шаралар атқарылғанын тілге тиек етті.

Ким Сан Ук,Yonhap агенттігінің қазақстандағы меншікті тілшісі:

- Бұрын жол полициясы көлікті тоқтатып жүргізушілердің 10-20 минуттай уақытын алатын. Қазір ешбір себепсіз олай жасамайды. Содан кейін халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды жылдам рәсімдейді.

Ким Ми Хянг, Hankyoreh газетінің тілшісі:

- Қазір Қазақстанда  өте маңызды кезең. Президент Тоқаев өкілеттіктердің бір бөлігін парламентпен үкіметке тапсырды, бұл өте маңызды қадам. Халық одан үлкен үміт күтеді.