Италияда лай көшкінінен адамдар жоғалып кетті

Италияда лай көшкінінен кейін 10-нан аса адам жоғалып кетті.

Оқиға Искье аралында болған. Мұнда нөсер жауып, соңы лай көшкініне ұласқан. Бір әйелдің опат болғаны белгілі. Тағы 13-і жарақат алған. Табиғат апаты салдарынан біраз үй бүлінген. Кемежай маңында тұрғын ондаған көлікті теңізге ағызып әкеткен. Қауіпті аймақтан 200 адам уақытша орталықтарға көшірілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.