Украина кедей елдерге астық жөнелтіп жатыр

"Астық келісімінің" аясында Украина кемежайларынан 12 миллион тоннадан астам астық экспортталды.

Бұл келісім биыл шілдеде Киев мен Мәскеу арасында жасалған. Оған сәйкес, қарулы қақтығыс салдарынан Украина порттарында жиналып қалған астық қауіпсіз дәліз арқылы басқа елдерге жеткізіледі. Бұл әдемдегі азық-түлік дағдарысын шешуге септігін тигізуі тиіс. Әсіресе кедей елдерге көп көмек болады. Жақында келісім 4 айға ұзартылды. Оның бұзылмауын Түркия мен БҰҰ қадағалайды.