Қытайда ковидті жаппай жұқтыру төрт күн қатарынан тіркелді

Қытайда осымен төртінші күн қатарынан коронавирусты жұқтыру бойынша "антирекорд" тіркелді.

Кейінгі тәулікте індет 40 мыңға жуық адамнан анықталған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі ГуандУн провинциясы мен Бейжіңде індет көп тіркелді. Осыған байланысты өңірлерде шектеу шаралары күшейтілген. Мәселен, Бейжіңде көп жерде ПТР-тесттің теріс нәтижесі талап етіледі. Оны тіпті қоғамдық көлікке кірерде де сұрайды. Мамандар қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрделі екенін ескертеді.