Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 318-ге жетті

Индонезияда зілзала құрданбарының саны артты.

Соңғы мәлімет бойынша 318 адам қайтыс болған. Із-түзсіз жоғалып кеткен 24 адам әлі табылмады. 5,6 балдық жер сілкінісі дүйсенбіде болған. Салдарынан 4 жарым мыңнан астам тұрғын жарақат алды. 20 мың үй бүлінген. Айта кеткен жөн, Индонезия сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Соның салдарынан мұнда зілзала мен жанартаудың атқылауы жиі болып тұрады.

Сондай-ақ...