Қытай астанасында шектеулерге қарсы наразылық шарасы өтті

Өткен жұма күні басталған қарсылық Бейжіңнен бөлек тағы бірнеше қалада жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шерушілер биліктен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын жеңілдетуді талап етті. Міндетті карантин мен жаппай тестілеуді тоқтату қажет.  Шанхайда полициямен қатығыс болып, қамауға алынғандар бар. Толқулардың басталуына Үрімжідегі оқиға түрткі болды. Бұған дейін онда карантинге жабылған тұрғын үй өртеніп, 10 адам қайтыс болған еді. Қытайда вирусты жұқтырушылар саны артып келеді. Өткен күні дерт 40 мыңға жуық адамнан анықталды.