АҚШ-қа ұшатын 5 мыңға жуық рейс шегерілді. Ұшақтардың уақытылы ұша алмай қалуына жауын-шашын, күннің күркіреуі мен қатты жел себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ризашылық мерекесіне байланысты бірнеше күн демалып, саяхаттауға шыққан америкалықтар енді үйлеріне жете алмай отыр. Болжам бойынша ұлттық мереке күндері 54,6 млн тұрғын сапарға шыққан. Сарапшылар бұл пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда көп көрсеткіш екенін айтады.