Италияның батысындағы Искья аралында лай көшкінінен 7 адам мерт болды

Италияның батысындағы Искья курортты аралында болған лай көшкінінен 7 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында әйелдер мен балалар бар. Қазір жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Шараға 200-ден астам маман мен ерікті жұмылдырылды. Табиғат апатынан 200 тұрғын баспанасынан айырылған. Лай көшкініне аймақта бірнеше күн төпелеп жауған жауын себеп болды. Сарапшылардың айтуынша қираған ғимараттардың көбі сапасыз салынған. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.

Айта кетейік, Искья курортты аралда 8 мыңға жуық адам тұрады.