Мексика полициясы АҚШ-пен шекарада тігілген мигранттардың шатырларын бұзды

Мексика полициясы АҚШ-пен шекарада тігілген мигранттардың шатырларын бұзды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік бұл қадамға қауіпсіздік мақсатында барғанын айтады. Күркелерде тамақ істелендіктен, кез келген сәтте өрт шығуы мүмкін дейді шенеуніктер. Бұл шатырларда 600-ге жуық венесуэлалық босқын заңсыз тұрған. Мексика үкіметі 4 күн бұрын мигранттарға қарсы операция бастап, ел бойынша 16 мыңнан астам келімсекті қамауға алды.

Самуел Ривас, мигрант:

- Өрт шығып, полицейлер шатырлардағы балаларды алып кетті. Көптеген офицерлер бізге дөрекілік көрсеті. Негізі олар сыпайы әрекет етуі керек еді.