loader


Маймыл шешегі ауруының атауы өзгерді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі ауруының атауын өзгертті.

Бұған нәсілшіл әзілдер себеп болған. Дәлірек айтсақ, “Монкей-покс” деген термин енді “M-покс” деп аталатын болады. Әйтпесе ғаламторда нәсілшіл және дискриминациялық сипатта адамдарға қатысты әзілдер қаптап кеткен дейді, ұйым өкілдері. Маймыл шешегі Африкадан тараған. Ол кеміргіштер мен жабайы жануарлардан адамдарға жұғады. Белгілері: әлсіздік, жоғары температура және адам денесінде бөртпе пайда болады. Әлемнің 109 мемлекетінде 77 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан, оның 40 шақтысы опат болған.

Сондай-ақ...