Сомалиде лаңкестердің шабуылынан 14 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода атышулы "Аш-Шабаб" лаңкестік ұйымы қонақ үйге шабуыл жасады.

14 адам қаза болды.  Оның 8-і қала тұрғыны, 1 сарбаз опат болған және 5 содырдың көзі жойылды. Мейманханадағы 60 кісі құтқарылған. Осыдан 6 ай бұрын билікке келген президент Хасан Шейх Мұхаммед экстремистік топтарға қарсы соғыс жариялаған болатын. Содан бері елде лаңкестік шабуылдар жиілеп кетті дейді сарапшылар.