АҚШ-та жанартау атқылады

Гавай аралдарында әлемдегі ең үлкен жанартаулардың бірі  Мауна-Лоа  қайта оянды.

Соңғы рет ол осыдан 40 жыл бұрын белсенділік танытқан болатын. Жергілікті биліктің хабарлауынша жанартаудан атқылаған лава әзірге тау бөктеріндегі тұрғындарға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Бірақ АҚШ-тың геологиялық қызметі жағдай кез келген уақытта күрт өзгеріп кетуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан мамандар аралда тұратын 200 мың халықты барынша сақ болуға шақырады. Айта кетейік, жуырда аралда бірнеше рет жерасты дүмпулер тіркелген болатын.