Францияда түрмеде отырғандар саны көбейді

Францияда абақтыға қамалғандар көбейді.

73 мыңға жуық адам темір тордың ар жағында жазасын өтеуде, деп мәлімдеді елдің Әділет министрлігі. Франция түрмелері 60 мың адамды ғана сыйдыра алады. Кей жазасын өтеушілер жерде жатыр. Мұндай жағдай Түркия мен Ресейде де тіркелген.  Ал қылмыскері ең аз ел – Финляндия.