Иран шерулер кезінде қаза тапқандар саны туралы мәлімдеме жасады

Иран билігі шерулер кезінде қаза тапқандардың санына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады.

Оған қарағанда осы елде қыркүйек айынан жалғасып келе жатқан толқулардан 300-ден аса адам көз жұмған. Бұл туралы осы елдің Ислам ревоюлциясы сақшылары корпусының генералы Амир Әли Гаджизаде айтты. Ол сондай-ақ наразылықты АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясы сынды Иранға жау мемлекеттер ұйымдастырған дейді. Ал осы елдегі адам құқықтарын қорғаушылар болса шерулер кезінде қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп деп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Иранда толқулардан 451 шеруші мен 60 тәртіп сақшысы көз жұмған. 18 мыңнан аса адам тұтқындалған. Ирандағы толқулар Махса Амини есімді студент қыздың қазасынан кейін басталған болатын.

Сондай-ақ...