АҚШ-та құс тұмауынан 50 млн астам құс қырылған

АҚШ-та биылғы ақпан айында басталған құс тұмауынан 50 миллион 540 мың құс қырылды.

Олардың 85 пайызы жабайы қанаттылар. Бұл туралы Құрама Штаттардың Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған "Рейтерс" агенттігі хабарлады. Құстардың қырылуы бойынша бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2015 жылы тіркелген еді. Елдің 46 штатында қанаттылардың жаппай өлуі АҚШ-та жұмыртқа мен күркетауық етінің қымбаттауына әкелді. Құс тұмауына байланысты мұндай дағдарыс Ұлыбритания мен ЕуроОдақ елдерін де қыспаққа алды. Кейбір британиялық супермаркеттер жұмыртқа сатылымына шектеу қойды.